Арман Тосқанбаев: "Бизнесті 0-ден бастауға болады"


Президенттің қолына отандық сағат тағып, талайды өзіне қаратқан Арман Тосқанбаев – қоғам белсендісі, 4 компанияның негізін қалаған жас кәсіпкер. Оның екеуі – жаңа жасыл технологиялық қызмет пен аграрлық сауда қызметі болса, үшіншісі – қазақстандық сағат өндіру, ал төртіншісі – криптовалюта шығаруға негізделген. «Отан» брендімен бірінші қазақстандық сағат компаниясының негізін салушы.

Ол бизнеспен 15 жасынан айналысып бастаған. Басынан түрлі жағдайлар өткерген. Ең қызықтысы, ҰБТ-да керек балды жинай алмай, жоғары оқу орнына түсе алмайды. Кейін бір жыл бойы үздіксіз дайындалып, діттеген мақсатына жетеді. Алайда өз білімімен түскен оқуын да соңына дейін бітірмей, кетіп қалады. Бірақ сонда да мұндай қиыншылықтар Арманның бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыруына кедергі болған жоқ.

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.